
Атырау облысының Антикор қызметі Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында Атырау жоғары медициналық колледжінің ұжымы мен білім алушыларына сыбайлас жемқорлық тәуелділіктері, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру бойынша түсіндірме жұмысын өткізді.
Қатысушылардың назарына тұжырымдаманы іске асыру жоспарының негізгі іс-шаралары жеткізілді. Сыбайлас жемқорлардың жауапкершілігін қатаңдатуға және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы үйлестіруін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Колледж директоры Лаура Жақсыгелдіқызы алғы сөзінде, колледж тарихы педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы, білім алушылар контигенті мен колледждің материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат беріп өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Асхат Иманғалиев, комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында туындайтын себептер мен жағдайларды жоюға тиіс алдын алу сипатындағы кешенді шараларды атап өтті.