Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде республикалық кеңес өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде республикалық кеңес өткізді

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде республикалық кеңес өткізді.

Селекторлық кеңес жұмысына аумақтық органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Бейнеконференция режимінде Превенция басқармасының аға офицері М.Нүсіпов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, қалыптасқан құқық қолдану практикасы мен халықаралық талаптарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы айтып берді».

Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың өздеріне қабылданған шектеулерді сақтау қажеттігі атап өтілді.