Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлерімен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері талқыланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлерімен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КеАҚ Атырау филиалының қызметкерлеріне өңірдің дін өкілдерімен бірлесіп жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.  

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында туындайтын себептер мен жағдайларды жоюға тиіс алдын алу сипатындағы қабылданып жатқан кешенді шараларды атап өтті.

Спикер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланғанын атап өтті.

"Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықты жою тұрғысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы қылмыстар бойынша тергеулігін айқындай отырып, бюджеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз сыйақы бопсалағаны үшін жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады (ҚК 247-Б.).

"Шапағат" қоғамдық қорының теологы, руханилық өкілі Жасұлан Берікұлы исламдағы сыбайлас жемқорлыққа қатынасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қажеттілігі және сыбайлас жемқорлыққа байланысты барлық әрекеттерге тыйым салу туралы айтып берді.

Кездесу соңында Сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған кез келген азамат Департаментке немесе CaII-орталығына 1424 телефоны бойынша хабарласа алатындығы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу туралы толық ақпарат берілді.