Экологтар тергеу изоляторларына барды

Экологтар тергеу изоляторларына барды

Бұл жолы тергеу изоляторларына экскурсияға Атырау облысы экология департаментінің экологтары шақырылды.

Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсияға қатысушылармен бірге тергеу кабинеттерін, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған қылмыскерлерге арналған камераларды, жоғарыдан тормен жабылған серуенге арналған орынды, техникалық жұмыстарды орындайтын қамаудағыларды, аумағы бар болғаны 2 шаршы метрді құрайтын карцерді көрсетті.

"Біздің келушілер бұл экскурсиялар қатты әсер қалдырады деп жиі айтады. Негізінде, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты осы деп ойлаймын. Жыл басынан бері келушілердің осындай 7 – ден астам кездесулері болды", - деді департамент басшысының бірінші орынбасары Есқали Салматов.