Атырауда салық қызметкерлеріне негізсіз баю үшін жазалау туралы айтылды

Атырауда салық қызметкерлеріне негізсіз баю үшін жазалау туралы айтылды

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жоспарланған өзгерістер талқыланды.

Тұжырымдамадағы маңызды блоктардың бірі – заңнамалық бастамалар. Революциялық жаңалықтардың бірі-негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу. Қазір тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда. Бұл-жалпыға бірдей декларациялаудың іске қосылған тетігінің  жалғасы.

Биыл мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары жаңа форматта активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырды.

Келесі жылдан бастап олардың шығындарын кірістермен салыстыру басталады.2025 жылдан бастап барлық азаматтар өз кірістерінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап бүкіл халық үшін шығыстарды декларациялау процесі басталады.

Айта кету керек, Салық кодексінде барлық жеке тұлғалар үшін артық сомадан 10% салық түріндегі жауапкершілік белгіленген.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтілді.

Егер шығындар заңды кірістерден асып кетсе және шенеунік оларды түсіндіре алмаса, оған айыппұл түріндегі айырмашылықты алу қаупі төнеді. Ал айтарлықтай асып кеткені үшін – теріс себептермен жұмыстан шығаруға дейін. Новеллалар 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Жаңа "ережелер" баю мақсатында мемлекеттік қызметке келуді мағынасыз етеді және ұзақ мерзімді перспективада парасатты кәсіпқойлардың ұрпағын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.