Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша семинарлар жалғасуда

Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша семинарлар жалғасуда

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының маңызды бағыттарын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Дәрісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсініктемелер берілді, оның ішінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 154, 680, 681-баптарына сәйкес.

Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.