Жағалау күзеті сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ескертілді

Жағалау күзеті сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ескертілді

Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін іске асыруда, қалыптасқан құқық қолдану практикасы мен халықаралық талаптарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті үшінші дивизионының әскери қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі мәселелері қаралды.