
Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін (МТНБ) берудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу кезінде бюджетке ірі көлемде мемлекеттік бажды төлеуден жалтару фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары ұсынылған МТНБ-дан 59 тұлғадан МТНБ үшін 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж бюджетке түспеген, 78 тұлғадан 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж жеткіліксіз төленген, ал 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды.
Осылайша, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді.