Бұл туралы және 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы басқа да жаңашылдықтар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ескали Саламатов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтты.
«Тұжырымдаманы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі проблемаларды шешу үшін бекітті. Құжат шеңберінде Агенттік заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. – деді Ескали Саламатов.
Сонымен қатар, бекітілген күн тәртібіне сәйкес, жиында Мақат ауданы әкімдігі, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі және Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша атқарылған жұмыстарының есебі баяндалып, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелері қаралып, оның шешілу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Шара нәтижесінде, қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алу барысында қанағаттану деңгейін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға енгізілді.