Атырауда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында колледж студенттері үшін Ашық есік күні өтті

Атырауда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында колледж студенттері үшін Ашық есік күні өтті

   

     Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» апталығы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту мақсатында Атырау облысында колледж студенттері үшін Ашық есік күні өтті.

   Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын дамытуға бағытталды.

  Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин студенттерге құқық қорғау органдарының қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері және өз құқықтарын қорғау бойынша заңды құралдар туралы айтып берді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Бұдан бөлек, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді. Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясын тәмәмдаған Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жас қызметкерлері конкурстық іріктеуден өту тәжірибесімен бөлісті.

   Сондай-ақ, қатысушыларға құқық қорғау құрылымдарының өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, өзекті мәселелер бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік берілді.

     Мұндай іс-шаралар заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын ілгерілетудің жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок