«Заң мен тәртіп» сыбайлас жемқорлыққа қарсы брейн-ринг: білім арқылы парасаттылықты нығайту

«Заң мен тәртіп» сыбайлас жемқорлыққа қарсы брейн-ринг: білім арқылы парасаттылықты нығайту

Мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң мен тәртіп» тақырыбында брейн-ринг зияткерлік ойынын өткізді.

Ойынға әртүрлі органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысып, заңнама, жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметшінің этикасы саласындағы жоғары білім деңгейін, сондай-ақ командада жұмыс істей білу және зияткерлік жарыс жағдайында тез шешім қабылдау қабілетін көрсетті.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылагенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық хабардарлықты арттыру -тиімді мемлекеттік қызметтің іргелішарттары екенін атап өтті. 

«Осындай зияткерлік алаңдар арқылы бізбілімді нығайтып қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлер арасында заңдылық пен жауапкершілік рухын дамытамыз», - деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша тамашаэрудиция, ұйымшылдық және кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге ұмтылу қаситеттерін көрсеткен Атырау облысы әкімдігінің «Әйтеке би» командасы жеңіске жетті.

2 орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тенгри» командасы иеленді, 3 орын - Экология департаментінің «Эко қыран» командасы алды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқұқықтық сананы нығайту, мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП