Заң мен тәртіп: ішкі істер органдарында жемқорлыққа қарсы құқықтық оқыту

Заң мен тәртіп: ішкі істер органдарында жемқорлыққа қарсы құқықтық оқыту

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Индер ауданының полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамының қатысуымен жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, облыстық Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шара ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Кездесу барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын регламенттейтін қолданыстағы заңнамалардың новеллалары мен нормалары жеткізілді.

Мүдделер қақтығысы мәселелеріне, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне итермелеу әрекеттері туралы хабарлау жөніндегі міндеттерге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

«Қылмыстық істер бойынша ҚПК-нің 200-бабына сәйкес жемқорлық құқық бұзушылықтың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсыныстар енгізіледі. Облыстың ішкі істер органдарына қатысты соңғы 3 жылдағы ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша 41 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Жахин.

Мұндай кездесулер жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға, құқық тәртібін нығайтуға және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

 

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП