Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң және тәртіп сақтаудағы үлесім» тақырыбында республикалық эссе-байқауын жариялайды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілер арасында  «Заң және тәртіп сақтаудағы үлесім» тақырыбында республикалық эссе-байқауын жариялайды

Өткізу мерзімі:

Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін

Қорытындылау: 2025 жылғы 22 маусымға дейін

Марапаттау: 23 маусым 2025 жыл

Байқаудың мақсаты:

Мемлекеттік қызмет жүйесінде құқықтық сананы қолдау және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайту.

Қатысушылар:

Республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік қызметшілер.

Эссеге қойылатын талаптар:

- Көлемі: 1500 сөзге дейін (A4, Times New Roman шрифті)

- Тіл: мемлекеттік немесе орыс

- Формат: .docx немесе .pdf

- Мазмұны: мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жеке мысалдар, бастамалар, көзқарастар мен ұсыныстар.

Жүлде қоры:

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал үздік жұмыстар жарияланады.

Жұмыстарды мына мекен-жайға жіберу:

dgs15@bk.ru

(аты-жөні, лауазымы және жұмыс орны көрсетілген)

Ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

Атырау облысы әкімінің аппараты