Атырау университетінің командасы «Antiparacraft-2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынында II орын алды

Атырау университетінің командасы «Antiparacraft-2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынында  II орын алды

Павлодар облысында еліміздің түкпір-түкпірінен 11 студенттік команданы біріктірген «Antiparacraft-2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының финалы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде өтті.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Ар мен Заң» командасы Атырау облысын абыроймен таныстырып, жарыс қорытындысы бойынша құрметті II орынға ие болды.

Екі күн бойы қатысушылар бірқатар зияткерлік және шығармашылық сынақтардан өтті. Атырау университетінің командасы жоғары дайындық деңгейін, командалық өзара іс-қимылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде берік азаматтық ұстанымын көрсетті.

Сонымен қатар, команда «Ерекше қасиеттері мен командаға көрсеткен қолдауы үшін» арнайы номинациясымен марапатталды.

Мұндай жобаларға қатысу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, болашақ мамандарға қажетті көшбасшылық, талдамалық және коммуникативтік дағдыларды дамытады.

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Antiparacraft_2025