Атырауда 400-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді

Атырауда 400-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Атырау облысында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өткізіліп,
400-ден астам тұрғын облыстың құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшыларынан, сондай-ақ үздік заңгерлер мен адвокаттардан білікті заң көмегін алды.

Аталған акция Атырау облысының Әділет департаментімен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп «Параграф» ақпараттық жүйесі мен Zakon.kz желілік басылымның көмегімен ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына: көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және т.б. тегін заңгерлік көмек көрсету.

 «Бүгін Халық заңгері акциясы аясында біз-мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер азаматтарға проблемалық мәселелерін шешуге көмектесу үшін бірігіп отырмыз. 40-тан астам сарапшы облысымыздың 400 азаматына көмек көрсетті. Кейбір мәселелер бірден шешілді, кейбіреулері құжаттарды жинауды талап етеді, қалғандары ерекше бақылауға алынды», - деп хабарлады ұйымдастырушылар. 

Көптеген тұрғындар акция арқасында өз жағдайларында қалай әрекет ету керек, неден бастау керек және өз мәселелерін шешуді қалай тиімді аяқтау керектігі туралы нақты түсінік ала алғанын атап өтті. Бұл аспект көптеген адамдар үшін ерекше құнды болды, өйткені әркімнің адвокатқа жүгінуге немесе бір іс-шара аясында бірнеше мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндігі жоқ.

Мұндай бастамалар құқықтық мәдениет пен мемлекетке деген сенімді нығайтуға қызмет етеді, сондай - ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын көрсетеді - құқық қағаз жүзінде емес, іс жүзінде барлығына қол жетімді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗаңменТәртіп