Атырауда спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Атырауда спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында спорт саласы мекемелерінің қызметкерлері қатысуымен ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсынысты қарады.

Жылыой ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер, сондай-ақ ішкі қаржылық бақылау бөлігінде анықталған жүйелі бұзушылықтар бақылауды күшейтуге себеп болды.

Осыған байланысты облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының атына ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейтуге, қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты оқытуды жүргізуге, барлық деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған нақты ұсынымдар жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік мекемелердің басшыларын ұйымдарда ашық және есеп беретін ортаны қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға, сондай-ақ өз ұжымдарында бұзушылықтардың алдын алу үшін жеке өзі жауапты болуға шақырады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және Департамент тарапынан тұрақты бақылауда болады.

 

#Заң_мен_тәртіп

#ЗаңменТәртіп