Атырауда «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерді қорғау бойынша кездесу өтті

Атырауда «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерді қорғау бойынша кездесу өтті

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, бизнес-қоғамдастықтың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды, оның мақсаты кәсіпкерлерді лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғау және әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Кездесу барысында Департамент өкілдері қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және мемлекеттік саясат шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді. Ерте кезеңдерде жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс — шара барысында кәсіпкерлер бизнеске қосымша ауыртпалық түсіретін және оның дамуына кедергі келтіретін мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тарапынан негізсіз және заңсыз ұйғарымдар шығару мәселелері туралы айтып берді.

Осыған байланысты уәкілетті органдардың іс-әрекеттерінде ашықтық, ақпараттық жүйелер арасында цифрландыру мен интеграцияны енгізу және лауазымды тұлғалар тарапынан теріс пайдалану фактілеріне бизнес тарапынан түсетін шағымдарға уақтылы ден қою қажеттілігі атап өтілді.

Бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды уақтылы анықтау және жою үшін ашық диалог маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты өзара іс — қимылға дайын, адал бизнесті қорғау - біздің жұмысымыздағы басты басымдықтардың бірі, - деп атап өтті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Оразов.

 

#Заң_мен_тәртіп

#ЗаңменТәртіп