Заң мен тәртіп: Антикор Астана тұрғындары үшін көшпелі ақпараттық-құқықтық акция өткізді

Заң мен тәртіп: Антикор Астана тұрғындары үшін көшпелі ақпараттық-құқықтық акция өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және адалдық пен ашықтық қағидаттарын ілгерілету аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанындағы мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ елорданың Алматы ауданында, «Аружан» сауда - ойын - сауық орталығының аумағында көшпелі ақпараттық - құқықтық акция өткізді.

Акцияның мақсаты – халыққа қолжетімді құқықтық кеңес беруді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу және азаматтардың өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы хабардар болуын арттыру.

Мобильді топ мамандары:

- қала тұрғындары мен қонақтарына тегін заң көмегін көрсетті,

- өтініштер мен ауызша шағымдар қабылданды,

-eGov порталы, телеграм-бот және қысқа нөмірі 1424 арқылы өтініштерді беру тәртібін түсіндірді,

-қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.

Күнделікті құқықтық сауаттылық тақырыбына ерекше назар аударылды: сыбайлас жемқорлық схемаларын қалай тануға болады, қысым немесе боп салау жағдайында қайда жүгінетінін және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы.

Акция халықтың қызығушылығын тудырды–бірнеше сағат ішінде ондаған азаматтар, оның ішінде зейнеткерлер, студенттер, кәсіпкерлер мен ата-аналар мамандарға қол жетімді қарым-қатынас форматымен пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мобильді акциялар әлеуметтік нысандарды, базарларды, ЖОО-ларды және басқа да қоғамдық кеңістіктерді қамти отырып, қаланың барлық аудандарында жалғасатынын атап өтті.