«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Әйгерім Аңсағанова Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Орталық өңірлік филиалының қызметкерлері үшін түсіндіру семинарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық хабардарлық деңгейін арттыру, оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарастарды дамыту, сондай-ақ кәсіби қызметте парасатты мінез-құлық тетіктерін енгізу болды.
Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері егжей-тегжейлі қаралып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Қатысушыларға табиғат қорғау саласының қызметкерлері тап болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің практикалық мысалдары келтірілді және оларды барынша азайту жөнінде нақты ұсыныстар ұсынылды.
Семинар барысында қатысушылар талқыланатын мәселелерге қызығушылық танытты, диалогқа белсенді түрде қатысып, өзекті тақырыптар бойынша өз пікірлерімен бөлісті.Талқылау ашық қарым-қатынас форматында өтті,бұл табиғатты қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен байланысты бірқатар практикалық аспектілерді қозғауға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Орталық өңірлік филиалдың қызметкерлері оның ақпараттылығы мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті.