Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру: Ұлттық геодезия орталығының қызметкерлерімен кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру: Ұлттық геодезия орталығының қызметкерлерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Іс-шарамемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтан тұрақты бас тартуды қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде өтті. Дәріс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне, оның ішінде жер-мүліктік қатынастар,цифрландыру,кадастрлық және геодезиялық қызмет салаларына арналды,бұл орталықтың функциялары мен міндеттеріне тікелей байланысты.

Орталық қызметкерлеріне шешім қабылдаудағы адалдық пен ашықтық үшін, әсіресе кеңістіктік деректермен, жер құжаттамасымен және мемлекеттік дерекқорлармен жұмыс істеу контекстінде жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы еске салынды.