
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындарымен ақпараттық-консультативтік кездесу өткізді. Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Кездесу барысында қала тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің түрлі аспектілері бойынша кеңес ала алды, сыбайлас жемқорлықты анықтау және алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы сұрақтар қоя алды, сондай-ақ бұзушылықтар анықталған жағдайда көмек сұрай алды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «жедел желілердің» жұмысын, сондай-ақ консультациялар алу және шағымдар беру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну мүмкіндігін түсіндіруге ерекше назар аударылды».
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ азаматтарды құқықтық көмек пен ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік және жеке ұйымдардың ашықтығы мен заңдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біз әрқашан сауалдарға жедел жауап беруге және азаматтарды сыбайлас жемқорлықтан қорғау үшін қажетті құқықтық біліммен және құралдармен қамтамасыз етуге дайынбыз», — деп атап өтті мобильді топ өкілі.
«Сарыарқа» СОО-дағы аталған шара қоғамның барлық деңгейлерінде құқықтық ақпаратты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қаланың әртүрлі аудандарында өткізілетін бірқатар кездесулердің бір бөлігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Қазақстанда заңдылық пен әділдікті нығайту бағытында өз жұмысын жалғастыруда.