
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дипломатиялық өкілдіктерді қорғауға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция полкінің жеке құрамы үшін семинар өткізілді. Іс-шара құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика саласындағы кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатында өтті.
Семинар барысында құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне бақылауды күшейту және адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Этика мәселелеріне, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс істеудегі ашықтық пен тиімділік қағидаттарына ерекше назар аударылды.