
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау процестерімен танысу үшін комплаенс-офицерлер мен олардың басшыларына түзеу мекемесіне сапар ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты- комплаенс-офицерлерарасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетт іарттыру.Сотталғандарды ұстау шарттарымен танысу шенеуніктерге іс жүзінде сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсінуге көмектеседі.
Түзеу мекемесіне 2023-2024 жылдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылары мен комплаенс-офицерлері барды. Өткізілген кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді тәсілін қалыптастыруға бағытталған оқыту процесінің маңызды бөлігі болып табылады.