Құқықтық сауаттылықты арттыру: ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне арналған дәріс

Құқықтық сауаттылықты арттыру: ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне арналған дәріс

Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті қызметкерімен орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында дәріс өткізілді. Бұл іс-шара әскери қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік мәселелері де қамтылды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған тұлғалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді.

 Мұндай іс-шаралар әскери құрылымдарға деген сенімді нығайтуда және олардың қызметіндегі ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алынған білім әскери қызметшілерге қызметтік міндеттерін тиімді орындауға көмектеседі және адал және жауапты қоғам құруға ықпал етеді.