Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысы басталды

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысы басталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бүкіл Республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы               мобильді топтардың жұмысын іске қосты.

Мобильді топтың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халық үшін тегін құқықтық консультациялар, қабылдаулар өткізу.

Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының құрамына заң консультанттары палатасының, нотариаттық палатаның, адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушылары палатасының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Осы жоба аясында "Saryarka" сауда-ойын-сауық орталығының алаңында елорданың 62 азаматына білікті заң көмегі көрсетілді және заңнамаға сәйкес өзекті мәселелер жедел шешілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер жоғары кәсібилік пен азаматтарға проблемаларды шешуде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.

Іс-шара тұрғындардан да, іс-шараға қатысушылардан да оң пікірлер алды. Бұл әр азаматтың құқықтары мен мүдделері қорғалатын ашық және әділ қоғам құрудың тағы бір қадамы.