№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өтті: негізгі ойлар мен екпіндер

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өтті: негізгі ойлар мен екпіндер

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті ескере отырып, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы түсіндірілді, сондай-ақ №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру туралы ақпарат жеткізілді.


Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдардың құқықтарын қорғауға, мүдделер қақтығысын анықтауға ерекше назар аударылды, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің пысықталып жатқан шаралары жинақталып, негізгі қағидалары айтылды.