Астана Су Арнасы" МКК қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын зерттейді

Астана Су Арнасы" МКК қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын зерттейді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының "Астана Су Арнасы" МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.

Талдау шеңберінде осы саладағы әкімшілік кедергілерді және олармен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу жоспарлануда.

Талдауды Департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.

Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе "Астана Су Арнасы" МКК қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз dagspk@mail.ru