Астана қаласының Қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы: негізгі сәттері мен нәтижелері

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы: негізгі сәттері мен нәтижелері

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Астана қаласының Қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Комитетінің отырысы өтті.

"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ және "Астана-Зеленстрой" ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулардың нәтижелері, білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жөніндегі ұсынымдардың орындалуы талқыланды, сондай-ақ елорданың проблемалық объектілерінің құрылысын аяқтау жөніндегі мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Астана қаласының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті осы отырысқа қатысқан басқарма басшыларының міндетті түрде орындауы үшін ұсынымдар берді.