Экология департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларымен танысты

Экология департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларымен танысты

Астана қаласы бойынша Экология департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жөніндегі шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құқықтық қағидаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер толықтай баяндалды.