Мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.

 

Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құқықтық қағидаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылды.

 

Бұдан басқа, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар бойынша бейнеролик пен слайд-презентация көрсетілді. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары, сондай-ақ "Integrity check"пилоттық жобасының әрекет ету принциптері түсіндірілді.