Астаналық Антикор қала кәсіпкерлер қауымдастықтары өкілдерімен кездесу өткізді

Астаналық Антикор қала кәсіпкерлер қауымдастықтары өкілдерімен кездесу өткізді

Астана қаласы қажетті еңбек, тұтынушылық және инфрақұрылымдық әлеуеті бар елдегі ең ірі мегаполистердің бірі болып табылады, сондықтан еліміздің инвестициялық тартымды өңірлерінің бірі болып саналады.

Алайда, жоғарыда аталған жетістіктерге қарамастан, қала кәсіпкерлері бизнесті дамытудың тиімділігіне әсер ететін мәселелерге тап болуда. Осыған орай, 2024 жылғы 11 наурызда Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А.Агибаевтың төрағалығымен, металлургия, аяқ киім, темекі және алкоголь салалалары, сондай-ақ спорт және бөлшек сауда салаларындағы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі хабары - Антикордың өзекті мәселелерді шешуге көмектесуге дайын екендігін көрсету. Кездесу барысында кәсіпкерлер өз салаларындағы өзекті мәселелерді көтеріп, осы мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарымен бөлісті, заңды кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын кедергілерді айтты.