Астаналық Антикор квазимемлекет субъектілері үшін кеңес-семинар өткізді

Астаналық Антикор квазимемлекет субъектілері үшін кеңес-семинар өткізді

          Ағымдағы жылдың ақпанында «AK SU KMG» ЖШС және «Фитосанитария» РМК қызметкерлері үшін «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: заңнамадағы новеллалар» тақырыбында кеңес-семинар ұйымдастырылды.

          Отырыс барысында қолданыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясында 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы мәселеге баса назар аударылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі шаралар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептердің жиынтығы түсіндірілді.

          Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігін қатайтатын нормаларды түсіндіруге ерекше назар аударылды.

          Семинарға қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен әзірленіп жатқан шараларды, атап айтқанда, пара беруге уәде беру мен ұсынуды қылмыстық жауапкершілікке тарту, заңды тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдату, сыбайлас жемқорлыққа жол берген лауазымды