Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікпен бірлесіп елорда шағын аудандарының бірінің тұрғындарының құқықтарын қорғады

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдікпен бірлесіп елорда шағын аудандарының бірінің тұрғындарының құқықтарын қорғады

Бұқаралық ақпарат құралдарының және әлеуметтік желілердің мониторингі шеңберінде Нәжімиденов-Қалдаяқов көшелерінің маңында мектеп пен «Bravo Family» көппәтерлі тұрғын үй кешені арасында 18 қабатты тұрғын үйді заңсыз тұрғызу туралы тұрғындардың көптеген шағымдары анықталды.

Аталған учаскеде «кіріктірілген-жапсарлас үй-жайлары, сауда-ойын-сауық орталығы және паркингі бар әкімшілік-тұрғын үй кешенін» орналастыру туралы шешімді қала әкімдігі 2019 жылы қабылдады.

Жоғарыда аталған шағымдарды талдау және жергілікті жерді нақты зерттеу осы объектінің құрылысы құрылыс нормаларының бұзылуына және рекреациялық аймақтардың тапшылығына, сондай-ақ осы аудандағы коммуникациялық желілер мен жолдарға жүктеме әкелетінін көрсетті.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған жер учаскесінің мақсатын алаң салу бойынша нысаналы мақсатына өзгерту және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын түзету туралы шешім қабылдады.

Осы арқылы аталған шағын аудан тұрғындарының, сондай-ақ №93 орта мектепте оқитын балалардың құқықтары қорғалды.