Заң мен тәртіп: Астанада «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы өтті

Заң мен тәртіп: Астанада «Көшпелі қоғамдық қабылдау» акциясы өтті

А

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көлік прокуратурасымен бірлесіп көлік инфрақұрылымы объектілерінде – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ғимаратында және Астана қаласының халықаралық әуежайында азаматтарды көшпелі қабылдауды өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларына мониторинг жүргізу.

Қабылдау барысында ведомство өкілдері азаматтардың өтініштерін тыңдап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

Сондай-ақ, вокзал мен әуежай қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және күнделікті қызметте құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша әңгімелер өткізілді.

Ашық диалогтың мұндай форматтары мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын проблемаларды уақтылы анықтауға және шешуге ықпал етеді.