Астанада білім беру саласында ұрлықтың алдын алу үшін цифрлық бақылауды енгізу талқыланды

Астанада білім беру саласында ұрлықтың алдын алу үшін цифрлық бақылауды енгізу талқыланды

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім басқармасының, екінші деңгейдегі банктердің және жеке сектордың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылау тақырыбы білім беру мекемелерінде қаржылық ашықтықты күшейту үшін цифрлық шешімдерді енгізу болды.

Департаменттің Превенция басқармасы бастығының орынбасары Д. К. Қозыбаев сыртқы талдау қорытындысы бойынша 2023 жылы елорданың оқу орындарында бюджет қаражатын ұрлау анықталғанын, 5 қылмыстық іс жүргізілгенін, оның екеуі бойынша үкім шығарылғанын атап өтті.

Агенттіктің тапсырмасын ескере отырып, осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша, оның ішінде процестерді цифрландыру арқылы «Жол картасы» іске асырылуда.

Білім басқармасының өкілі 104 күдікті операцияны анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің енгізілгені туралы хабарлады. Алайда, екінші деңгейлі банктермен интеграцияның болмауы бақылау мүмкіндіктерін шектейді.

Осыған байланысты банктермен бухгалтерлік жүйелерді интеграциялау бойынша пилоттық жобаны енгізу ұсынылды. Бастаманы екінші деңгейдегі банктердің, орталық кеңселермен өзара іс-қимыл алгоритмі келісілгеннен кейін жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша жобаны бірлесіп техникалық пысықтау және пилоттық интеграцияны іске қосу үшін ресми өтініштерді дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.