Астана қаласының тергеу изоляторында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырған дәріс өтті.
Кездесудің мақсаты - ресми нұсқаулар емес, жабық мекеме қызметкерлерінің алдында тұрған тәуекелдер және қажетсіз әсерлерге қалай қарсы тұру және кәсіби беделін сақтау туралы ашық және шынайы әңгіме.
Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Мамырхан Мақажанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи тәсілдер, қызметкерлердің заң мен қоғам алдындағы міндеттері, сондай - ақ ішкі адалдық қысым мен бұзушылықтардан ең жақсы қалқан болып табылатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Изолятор қызметкерлері тыңдап қана қоймай, талқылауға белсенді қатысты: сұрақтар қойды, пікірлерімен бөлісті, өмірлік мысалдар келтірді. Құқық бұзушылықтарға уақытылы ден қоюдың және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде 1424 колл-орталығы арқылы қауіпсіз және жасырын хабарлауға болатын тетіктерді білудің маңыздылығы атап өтілді.