
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Жансая» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне дәріс өткізді. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік этика және кәсіби қызметтегі жосықсыз мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналды.
Іс-шара аясында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, қызметтік этиканың ерекшеліктері және мүдделер қақтығысына жол бермеу қарастырылды. Жеке жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс форматы ашық диалогты қарастырды, оның барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, кәсіби қызметте туындайтын типтік жағдайларды және оларды құқықтық шешудің мүмкін жолдарын талқылады.
Астана қаласы бойынша Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әлеуметтік бағыттағы ұйымдарда парасаттылық қағидаттарын ілгерілету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.