«Заң және тәртіп» қағидаты және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Самұрық-Қазына Девелопмент» АҚ қызметкерлері үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында құқықтық сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық деңгейін арттыру болды. Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы тетіктер, қызметтік этиканың рөлі және күнделікті еңбек практикасындағы дербес жауапкершілік туралы ақпарат ұсынылды.
Дәріспен Департаменттің Превенция басқармасының АМІЖ офицері Әнуар Үйсімбеков сөз сөйледі. Өз сөзінде ол парасаттылықтың негізгі қағидаттарына назар аударды, практикадан нақты мысалдар келтірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамаған жағдайда қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екенін түсіндірді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, компания қызметкерлері белсенді сұрақтар қойып, өз бақылауларымен бөлісті және одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.