Заң мен тәртіп: Астанада қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын нығайту жолдары талқыланды

Заң мен тәртіп: Астанада қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын нығайту жолдары талқыланды

Елордада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы әріптестікті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Институттардың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғамдық сенім ахуалын қалыптастыруға арналған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Айтуар Айдарұлы Ағыбаев құттықтау сөз сөйлеп, ашық диалог пен азаматтар мен мемлекеттің құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығына назар аударды.

Талқылау сындарлы түрде өтті - үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, азаматтық белсенділер, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ЭТД өкілдері талқылауға белсенді қатысты. Өз сөзінде Астана қаласы бойынша ЭТД өкілдері қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдың өзекті тақырыбын қозғап, осындай схемаларды ерте анықтаудың және халықты хабардар етуді күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтты. Олардың қатарында тұрақты диалог алаңдарын құру, құқық қорғау органдарының қызметін жариялауды кеңейту, ағартушылық онлайн-ресурстарды іске қосу, сондай – ақ азаматтық сектордың тікелей қатысуымен "Астана-Антикор" бірлескен жобасын іске асыру бар.

Барлық айтылған бастамалар назарға алынып, жұмыс тәртібінде пысықталатын болады.

Мұндай алаңдар қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы құқықтық мәдениет пен сенімді нығайтудың маңызды құралына айналуда.