Заң мен тәртіп: Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

Заң мен тәртіп: Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктісі Самира Тайтенова Ұлттық спорт университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ЖОО қызметінің ашықтығын арттыру және білім беру саласындағы ашықтық пен есептілік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Мониторинг барысында ақпараттың қолжетімділігі, қабылдау рәсімдері мен кадр саясатының ашықтығы, сондай-ақ оқу және спорт инфрақұрылымының жай-күйі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді күшейту бойынша ұсыныстар әзірленді. Қорытынды ақпарат одан әрі қарау үшін университет әкімшілігіне жіберілді.

Мұндай бастамалар Білім беру саласындағы басқару сапасын жақсартуға көмектеседі және оқу орында рына деген қоғамдық сенімді күшейтеді.