Заң мен тәртіп: Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне арналған дәріс

Заң мен тәртіп: Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне арналған дәріс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң мен тәртіп»  идеологиясын іске асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Дәрісті Департаменттің Превенция басқармасының аға офицері Нұриев Әмір өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметте пара алуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ олардың алдын алу шаралары мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың салдарын айқын көрсететін тәжірибеден алынған салыстырып тексерілген мысалдар ұсынылды.

Қоғам тарапынан сенімнің негізгі шарттары ретінде қызметтік практикада әділеттілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.