Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті №4 жобалық басқарма шеңберінде жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары Козыбаев Диас және Жобалық басқару департаментінің директоры Ілияс Рахимов қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ комплаенс-офицерлермен үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелері болды.
Кездесу барысында жобаларды іске асыру бойынша ағымдағы жұмыстарға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жобалық бастамалардың орындалуына тиімді мониторинг жүргізу саласындағы негізгі міндеттер белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласының Жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту туралы, сондай-ақ жобалық бастамалардың іске асырылу барысын талдау және туындайтын тәуекелдерге жедел ден қою үшін тұрақты жұмыс кеңестерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.