Астанада «Халық заңгері» республикалық бастамасы аясында ауқымды іс-шара өтті, оның басты мақсаты азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру болды. Бастамашы – жыл сайын акцияны бүкіл ел бойынша өтеусіз негізде ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында жоба халықты құқықтық қолдау құралдарының бірі ретінде іске асырылды.
Елордада іс-шара кең ауқымды пікірлерді қамтыды– 700-ге жуық қала тұрғыны сұрақтар қоюға және жетекші мамандардан білікті құқықтық кеңес алуға мүмкіндік алды.
Консультацияларға белгілі адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ прокуратура, құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараны ұйымдастыруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де көмектесті. Іс-шара офлайн форматта өтті, ал қатысқан мамандардың жалпы саны 100 адамнан асты.
2016 жылы жоба іске қосылған сәттен бастап «Халық заңгері» халықты құқықтық қолдаудың сұранысқа ие тұғырнамасына айналды:150мыңнан астам азамат тегін көмек алды, ал консультациялар өткізуге 7 мыңнан астам білікті заңгерлермен мемлекеттік органдардың басшылары тартылды.
Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының Әділет департаменті, Zakon.kz желілік басылым мен «Параграф» ақпараттық жүйесі ұйымдастырды.