Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшы құрамның қатысуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шара құқық қорғау және құтқару құрылымдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша жүйелі профилактикалық жұмыс шеңберінде өтті.
Дәріс барысында құқық қорғау жүйесіне тән сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Типтік тәуекелдер, өкілеттіктерді теріс пайдаланудың ықтимал нысандары, шешім қабылдаудағы бұзушылықтар, сондай-ақ мұндай жағдайларға қарсы тұру және уақтылы анықтау механизмі талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция басқарма бастығының орынбасары Қозыбаев Диас ТЖ жүйесінің тиімді жұмысы қоғамның сенімінсіз мүмкін еместігінін, ал бұл сенім атағына немесе лауазымына қарамастан әрбір қызметкердің іс-әрекетінің адалдығы мен заңдылығына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар тақырыпқа жоғары қызығушылық танытты, практикалық мәселелерді талқылады және өз қызметінде ашықтық пен қызметтік этика қағидаттарын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.