Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Осы жұмыс аясында «Адал уәде» республикалық челленджіне орайластырылған ашық диалог форматында елорда жастарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаға тарту, сыбайлас жемқорлықтан тұрақты бас тартуды қалыптастыру және жастардың адалдық пен әділдік қағидаттары үшін жеке жауапкершілігін дамыту.
Кездесу барысында СЖҚІА Астана қ. бойынша департаменті ПБ бас маманы Мамырхан Мақажанов Агенттіктің практикалық қызметі, сыбайлас жемқорлықты анықтау және алдын алу тетіктері, сондай-ақ жас кезінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Жас қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті, сұрақтар қойды және әдепті болуға, бұзушылықтарға жол бермеуге, ашық және әділ қоғамның қалыптасуына ықпал етуге өздерінің адал уәделерін берді.