Заң мен тәртіп: Samruk-Kazyna-дағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы

Заң мен тәртіп: Samruk-Kazyna-дағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Дәрісті Превенция басқармасының аға офицері – Әмір Нұриев өткізді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа заманауи көзқарастар, заңнама нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және болдырмау кезінде қызметкерлердің жеке және ұжымдық жауапкершілігі шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұмыс орнындағы этикалық мінез-құлықтың маңыздылығы, «Жедел желі» және комплаенс-бақылаудың ішкі жүйесі сияқты қолданыстағы кері байланыс арналарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара компания қызметкерлері мен еншілес ұйымдардың белсенді қатысуымен өтті.

Қатысушылар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, құрылыс және мемлекеттік жобаларды іске асыру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға байланысты өзекті сұрақтарға жауап алды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығы Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, ашық корпоративтік орта құру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін көрсетті.