«Адал ұрпақ»: оқушылар әділдік пен сатылмаушылық үшін күресте

«Адал ұрпақ»: оқушылар әділдік пен сатылмаушылық үшін күресте

Ағымдағы жылдың 16 мамырында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің білім және ішкі саясат басқармаларымен бірлесіп «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының қалалық слетін өткізді.

Іс-шара оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы білімдерін нығайтуға, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ практикалық дағдылар мен командалық жұмысты дамытуға ықпал ететін «QUIZ» интеллектуалды ойын форматында өтті.

Слетке Көкшетау қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушыларының 10 командасы қатысты.

Ойын барысында қатысушылар эрудицияны, логикалық ойлауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен тарих саласындағы білімді тексеруге бағытталған тапсырмаларды орындады.

Іс-шара соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова құттықтау сөз сөйлеп, командаларды даярлаудың жоғары деңгейін, олардың белсенділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ілгерілетуге мүдделілігін атап өтті.

Ойын қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңісті Көкшетау қаласындағы №9 мектептің «Жас білгілер» командасы, екінші орынды Красный Яр ауылындағы №3 мектептің «Таза ниет» командасы және Көкшетау қаласындағы №3 мектептің «Жалын» командасы жеңіп алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП