Ақмола облысында заң мен тәртіп жолындағы мәдени бастама - «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

Ақмола облысында заң мен тәртіп жолындағы мәдени бастама - «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЮНЕСКО қолдауымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен бірлесіп бірегей бастама - «Әділ қоғам» жобасын ұсынады, оның мақсаты ұлттық дәстүрлер, мәдени мұра және қазақ халқының адамгершілік құндылықтары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Жоба адалдық, ар-ождан және сатылмаушылық дәстүрлері жаңа қоғамдық сананы тәрбиелеуге негіз болатын мәдени-ағарту платформасын құруға бағытталған.

Бүгіннен бастап бекітілген жоспар шеңберінде кітапханаларда, университеттерде және мәдени мекемелерде «Әділ қоғам» ағарту орталықтарын ашу, білім беру бағдарламалары мен іс-шараларын өткізу, өнер, әдебиет және фольклор арқылы адалдықты ілгерілету көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтары бар мәдени қоғамды қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз!