Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету мәселелері өңірдің колледждерімен өткен кеңесте талқыланды

Жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету мәселелері өңірдің колледждерімен өткен кеңесте талқыланды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында студенттер арасында академиялық адалдық мәдениетін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Аманжол Құсайынов қатысып, жастардың бойында адалдық, әділдік және білім беру ортасындағы жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кеңеске өңірдің білім басқармасының өкілдері және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Кездесу барысында 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету бойынша бірлесіп бекітілген кешенді жоспарды орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар құрамы арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП