Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде «Бизнеске жол» жобасын іске асыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бұланды ауданының бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша, кәсіпкерлер палатасының, білім беру, санитарлық бақылау бөлімінің, ата-аналар комитетінің және аудандық мәслихаттың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Макинск қаласының мектеп-лицейінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша жеке кәсіпкердің өтініші қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсынымдар дайындалды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП